+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Петропавлды жайлаған өткір иіске қатысты қылмыстық іс қозғалды

2019 жылғы 19 маусым 19:50
Бөлісіңіз:
Петропавлды жайлаған өткір иіске қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда белгісіз зат иісінің таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, оны Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жеке бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл билігіне өткір иістен құтылу үшін қаланың кәріздік жүйесін жууға тура келді. Осы оқиғаға байланысты «Қызылжар су» ЖШС брифинг ұйымдастырып, мекеменің бас инженері Сергей Визеров атқарылған жұмыстар жайында айтып берді.

«Кәріздік сорғы стансасын, коллекторды жуу үшін 400 литр сұйық жуғыш зат пайдаландық. Нәтижесінде иістен құтылдық. Біздің болжамымыз бойынша біреулер кәріздік жүйеге белгісіз затты құйып, ол қатты иіс бөлген. Нендей зат екенін білмейміз», - дейді Сергей Визеров.

Белгісіз зат иісінің таралу фактісі ҚР ҚК-нің 325-бабы 1-бөлігі («Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Қылмыстық істің тергелуі СҚО Полиция департаменті мен прокуратура басшылығының бақылауында. Істі тергеумен Петропавл қалалық полиция басқармасы мен облыстық аппараттың Тергеу басқармасы қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы айналысады. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды», - делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұған дейін петропавлдықтар газға ұқсас жағымсыз иіске шағымданып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Мамандар су мен атмосфералық ауаның сынамасын алып, сараптама қорытындысы ауадағы газ мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтындығын көрсетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT