Петропавлдан Нұр-Сұлтанға билет құны 4 мың теңгелік жаңа әуе рейсі ашылмақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл халықаралық әуежайы Алматыдан ұшып келген FlyArystan компаниясының алғашқы рейсін қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең таңғы 8.00 шамасында алғашқы рейс Алматыдан Петропавлға ұшып келді. Бір бағытқа билеттің құны – 10 мың теңге шамасында.

FlyArystan компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бюджеттік әуе компаниясының ұшақтары аптасына 4 рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері сапар шегетін болады. Ұшу уақыты – 2 сағат.

Қазіргі уақытта FlyArystan-да Airbus A320 4 авиалайнері бар. Олар 12 ішкі бағытты және Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұрсұлтан рейсін қамтамасыз етеді.

«Бүгін ашып отырған жаңа бағыт қалалықтар арасында ғана емес, жалпы өңір тұрғындары үшін де сұранысқа ие болады деп ойлаймын. Жолаушы саны көбейген жағдайда қосымша рейстер ашуға мүмкіндігіміз бар. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Петропавл халықаралық әуежайының осы рейстің ашылуына алғашқы күннен-ақ қолдау көрсеткенін айтқымыз келеді. Сондай-ақ жолаушыларға арзан билетке қол жеткізу үшін алдын ала сатып алу қажеттігін еске саламыз», - дейді FlyArystan компаниясының басқарушы директоры Тим Джордан.

Ал, 10 сәуірден бастап Петропавл мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасын жалғайтын жаңа рейс ашылмақ. Билеттер бүгінде сатылымға шықты. Құны – 3999 теңге.

Мамандардың айтуынша, ұшақ жұма, жексенбі күндері кешке қарай ұшады. Жолға бір сағат шамасында уақыт кетеді.


Соңғы жаңалықтар