Петропавлдан Мысырға ұшатын ең алғашқы рейс 12 сағат кешігіп аттанды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдан Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласына ұшатын алғашқы рейс 12 сағатқа кешікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдан Шарм-эш-Шейх курортына ұшатын ең алғашқы рейстің жолаушылары таңғы 4-те ұшып кетуге тиіс болатын. Алайда, 234 адам тек түстен кейін, сағат 15:45-те демалысқа аттанды.

«Петропавл - Шарм-Эш-Шейх» рейсінің кешіккені рас. Ұшу алдындағы дайындық кезінде қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттігі туындады. Басқа қаладан келген жолаушылар қонақ үйге жайғастырылды. Әуежайдағы жолаушыларға ыстық тамақ пен жылы көрпе берілді. Бекітілген процедураларға сәйкес, өтемақы алу бойынша турпакетті сатқан туроператорға хабарласу керек. Әуе компаниясы кешіккен рейстің жолаушыларынан кешірім сұрайды. Бізге сіздердің қауіпсіздігіңіз бәрінен маңызды» - дейді «SСAT әуе компаниясы» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилова.

Соңғы жаңалықтар