Петропавлдан Астана мен Алматыға ұшу бағытын жақын күндері жаңартады
2017 жылғы 4 қаңтар 22:38

Петропавлдан Астана мен Алматыға ұшу бағытын жақын күндері жаңартады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдық әлеуметтік желі қолданушылары Астана мен Алматыға әуерейстер кестесінің жоқтығы үшін абыржулы, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана мен Алматыға рейс жасайтын SCAT әуе компаниясының сайтында және 19 қаңтар күні Мәскеуге ұшатын «Комиавиатранс» арқылы билет сатып алу мүмкін емес. Петропавл қалалық әуежайының директоры Марат Хасенов әуе рейстерінің болмауы уақытша екендігін және жақын арада ұшу бағыттарының жаңаратынын айтты.

«Әуе компаниясының ақпаратына сүйенсек, рейстер осы жылдың 10 қаңтарына дейін жаңарады. Олар бұл жағдайды техникалық ақаулар салдарынан деп түсіндіруде. Әуежай кез келген уақытта ұшақ қондыруға дайын. Кесте сол қалпында қалды, тек Алматыға аптасына үш рет емес, тек екі рет рейс жасалады. Авиакассалар осы аптадан жұмыс істей бастайды. Мәскеуге дейінгі рейстерге тоқталатын болсам, оны ешкім шектемеді. РФ-дағы жаңажылдық демалыстарға байланысты ұшуды орындайтын әуе компаниясымен байланысу мүмкін емес», - деді Марат Хасенов.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT