Петропавлдағы зообақта жануарлардың 15 түрі мекендейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағында орналасқан шағын зообақ әсіресе кішкентай балғындардың сүйікті мекеніне айналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Маусымдық шағын орталықта қырғауыл, ор қояндар, ешкі, шиншилла сынды жануарлардың он бес шақты түрі ғана мекендейді. Олардың денсаулығын ветеринар дәрігер аптасына бір рет қадағалап отырады.

«Ал экзотикалық аңдар мүлдем жоқ. Өйткені оларға ерекше күтім қажет», – дейді мұндағылар.

«Күн сайын жануарлардың астын тазалаймыз. Жем-азықтарын уақтылы беріп тұрамыз. Ауа райы тым ыстық болғанда, шатырдың бір бөлігін ашып, желдетіп аламыз. Ал күз кезінде олардың барлығын сатып жібереміз», - дейді зообақтың кассир-кеңесшісі Капа Крохмаль.

Соңғы жаңалықтар