Петропавлдағы жарылыс: зардап шеккендер туралы мәлімет нақтыланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бес қабатты үйде болған жарылыстан екі адам қаза тапты, 13 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай болған жерден 120 адам қауіпсіз жерге шығарылып, Петропавлдағы №2 орта мектепке орналастырылды.

Олармен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр.

Жарылыстан жарақат алған 13 адам ауруханаларға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімшесіне түсіп, біреуі қайтыс болды. Ал сағат 18.42-де үйінді астынан әйел адамның денесі шығарылды.

Қазір оқиға орнында СҚО ТЖД жеке құрамының 83 маманы мен 21 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Петропавлда бес қабатты үйдің бірінші қабатында газ баллонының жарылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар