Петропавлдағы тұрғын үйде болған өрттен 23 адам құтқарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы тұрғын үйден өрт шығып, 23 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 7-қабаттағы тамбурдың қоймасы өртеніп, жоғары қабаттар қара түтінге оранған.

Өрттен 23 тұрғын, соның ішінде 9 бала эвакуацияланған.

Өрт тура 15 минутта ауыздықталып, тағы 9 минуттан соң толықтай сөндірілген. Жалынның көршілес орналасқан пәтерлерге өтуіне жол берілмеді.

Тілсіз жау екі пәтердің тамбурындағы бұйымдарға зақым келтірген.

Залалдың мөлшері айқындалып жатыр.

Авторы: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар