Петропавлдағы травматология пунктіне екі күн ішінде 100 адам түскен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық №3 ауруханасының травматология пунктіне екі күннің ішінде 100 адам келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн сайын травматологияға 50 адам келеді. Травматологиялық пунктінің меңгерушісі, травматолог-дәрігер Валерий Грибашовтың айтуынша, былтырмен салыстырғанда биыл зардап шегушілер саны екі есе аз.

«Көктайғақ кезінде болатын жарақаттар бар, ол - «жарық» сынығы, яғни иықтың сынуы. Бұл адамдардың құлаған кезде қолымен жерді тіреуінен пайда болады. Бір тәулік ішінде иық жарақатын алған 7 адам келді. Барлығы мұзға тайып, көшеде құлағандар. Келесі күні де 7 адам түсті. Олардың басым бөлігі 60-70 жастан асқан егде жастағы адамдар», - деді В. Грибашов.

Жедел емдеуде бір науқас жатыр. Қалғандарына репозиция жасап, амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберген. 

Соңғы жаңалықтар