Петропавлдағы «Шығыс» ықшам ауданында 9 қабатты 27 үй салынады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы жаңа «Шығыс» ықшам ауданында 9 қабатты 27 үй салынады деп жоспарланған. Ауқымды жоба 5 жылға шақталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдік, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының және көкшетаулық «Регион Строй» ЖШС әріптестік жөніндегі меморандумға қой қойды. Құрылыс компаниясы күн жылынысымен-ақ Петропавлдағы «Шығыс» ықшам ауданында тұрғын үй құрылысын бастамақшы.

Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту мақсатында 9 қабатты 27 үй бес жыл бойы тұрғызылады. Құрылыс компаниясы алғашқы баспананы 2020 жылдың көктемінде пайдалануға бермекші.

null «Тұрғын үйлер жаңа технология бойынша панельден тұрғызылады. Бірақ оны ертедегі осындай әдіспен салынған үйлермен салыстырған дұрыс емес. Фин технологиясы, энергиялық тиімділігі аса жоғары. Біз бұған дейін мұндай баспаналарды Көкшетауда, Орал мен Қарағандыда салып, пайдалануға бердік. Қыста жылы, жазда қапырық болмайды», - дейді құрылыс компаниясы директорының орынбасары Қанат Лұқпанов.

Пәтерлер тұрғындарға қолжетімді болмақ.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, шаршы метрінің бағасы 150-180 мың теңге аралығында сақталады. Бір бөлмелі пәтердің ауданы 40 шаршы метр болса, 2 бөлмелі - 60 және 3 бөлмелі - 84 шаршы метрге дейін жетпек. Бір айта кетерлігі, тек банк салымшылары ғана бұл үйлерден үміттене алады.

Бүгінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыста 41 мың салымшысы бар. Олардың депозиттерінде шамамен 16,7 млрд теңге сақтаулы.

«27 үй жоспарланған, 9 қабатты. 3200-ден астам пәтер болады. Бағасын, пәтерлердің орналасу ретін және басқа да ақпаратты филиалға келіп білуге болады. Шағын ықшам ауданда бұдан басқа барлық қажетті әлеуметтік нысандар: мектеп, балабақша, дүкендер де салынады», - дейді ««Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Әмір Нұрмұқанов.

Бұдан басқа «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы СҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 4 үй салынып, 424 пәтер қолдануға берілмекші. Бұл - былтырғыдан шамамен екі есе көп.nullnull

Соңғы жаңалықтар