+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Петропавлдағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді

2021 жылғы 23 шілде 13:12
Бөлісіңіз:
Петропавлдағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -Петропавл қаласындағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда биылғы жылыту маусымында 549 мәрте өрт шықты СҚО-да меморгандардың қаражатты қандай мақсатқа негізсіз жұмсамақ болғаны анықталды Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, пәтерде болған әйел мен еркек күйіп қалды

Кеше, сағат 00.53-те 101 кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл үшінші жоғары шақырту бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонның күштері мен құралдары жіберілді.

Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан.

Қою түтін мен келу жолдарының болмауы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жақын маңда орналасқан ғимараттарға тараған жоқ.

Өрт сағат 04.25-те ауыздықталып, таңғы сағат 5-те сөндірілді. Жалын аумағы 500 шаршы метрді шарпыған. Өрттің себебі мен келтірілген залал анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің 87 қызметкері мен 17 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT