Петропавлдағы сауда үйінен 700 адам эвакуацияланды

None
НЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Белгісіз біреулер Петропавлдағы «Dostyq Mаll» сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты сауда орталығынан 700 адам эвакуацияланды. Полиция жарылғыш зат қойылуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты. Арнайы бөлімше қызметкерлері сауда орталығынан бомба немесе оған ұқсайтын күдікті затты таппады. Қазіргі таңда далған террористі ұстау бойынша шара қолға алынып жатыр. Террористік акт туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, ҚР ҚК 273 бабы бойынша бұл әрекетке қатысты 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Биыл осы баппен СҚО-ның екі тұрғыны 1 және 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар