Петропавлдағы мұражайда 93 жастағы зейнеткер экскурсия өткізеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы локомотив депосының мұражайында 93 жастағы зейнеткер еңбек етеді. Любовь Горшкова бар ғұмырын теміржол саласына арнаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл бекетіндегі локомотив депосы 1896 жылы құрылған. Оның тарихы Транссібір магистралінің құрылысымен тікелей байланысты. Ал, мұражайдың ашылғанына жарты ғасырдан асқан. Қазір мұнда 3 ғылыми-техникалық бөлім жұмыс істейді, 10 мыңнан аса жәдігер сақталған.

Алайда, бүгінде мұражайдың экскурсоводы, 93 жастағы зейнеткер Любовь Горшкова оның басты байлығына айналған. Қала тұрғындарының көпшілігі бұл жерге оның қызықты әңгімесін тыңдауға келеді екен. Любовь Константиновна келген қонақты жылы шыраймен қарсы алып, бірден баурап алады.

«Менің өмірім теміржолмен тығыз байланысты. Осы жасқа келуіме сүйікті ісіммен айналысуым себеп болған шығар. Бұл жерде көптеген адамдармен танысамын, араласамын. Осы жұмыста жүріп, өмірге деген құлшынысым арта түсті», - дейді Любовь Горшкова.
null

93 жастағы экскурсовод білім көкжиегін кеңейте түсу үшін гаджеттермен жұмыс істеуді үйрене бастапты. Жұмыстан бос уақытта әлеуметтік желілерде отырады. Қажет болған жағдайда мәлімет іздеу үшін ғаламторға жүгінеді.

Любовь Константиновна теміржол саласында 35 жыл еңбек етті. Ұстаз болып, мамандар әзірледі, кейін жұмысшы жастар мектебінің директоры қызметін атқарды. Зейнет демалысына шыққаннан кейін де сүйікті жұмысынан бас тарта алмапты.

Соңғы жаңалықтар