Петропавлдағы мейрамханада өрт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы «Beer Grad» мейрамханасында өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«6 желтоқсан күні сағат 17-27-де өртке қарсы қызмет кезекшілігіне Петропавлдағы «Евразиский» орталық базарының аумағындағы «Beer Grad» атауымен белгілі 5 қабатты мейрамханадан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Ғимараттың мансарды ретінде салынған бөлігіндегі шатырдың 170 шаршы метрі өртенген. Өрт сөндірушілер 32 адам мен осы ғимараттың 11 қызметкерін эвакуациялады»,-делінген хабарламада.

Өрт сағат 18-06-да ауыздықталып, сағат 20-21-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 56 адам мен 15 техника жұмылдырылған.

null null 

Соңғы жаңалықтар