Петропавлдағы құйынды дауыл: Кран құлап, үйлердің шатыры ұшты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда дауылды жел құрылыс кранын құлатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

 Жаңбыр мен дауылды жел санаулы секундтарда қаланы басып қалды. Ол аз ғана уақыт тұрғанымен біршама шығын келтірді.

Петропавлдағы 20 шағынауданда құрылыс краны құлады. СҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында департаменттің жедел тобы жұмыс істеуде.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар дауылдың тигізген салдары жайлы фото және видеоларды жүктеуде.

Олардың бірінде құлаған ағаштың автомобильді басып қалғаны көрсетілген. Сондай-ақ, жел 20 шағынауданда бірнеше сауда жасайтын шатырлы дүкендерді және аялдаманы аударып, ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен.  

Соңғы жаңалықтар