Петропавлдағы көпсалалы жабдықтар зауыты ресейліктермен 140 млн. теңгені құрайтын келісімдерге қол қойды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнге дейін Петропавлдағы көпсалалы жабдықтар зауыты ресейлік әріптестермен 140 млн. теңгені құрайтын келісімдерге қол қойды.
Солтүстікқазақстандықтар бұрғылау қондырғыларына қажетті өнімдер шығарады.
Зауытта жыл сайын жаңа жабдықтар сатып алынады. Өткен жылы екі жонғыш білдек, биыл тағы үшеуі сатып алынды. Зауыттағылар жабдықтарды жаңарту өнімділікті 2-3 есеге жақсартып қана қоймай, оның сапасының артуына септігін тигізетіндігіне сенімді. Биылғы жылы зауытта Ресейге экспортқа жіберу үшін тағы бірнеше жаңа бөліктерді жасай бастады.
«Жыл басынан бері ресейлік кәсіпорындармен шамамен 140 млн. теңгені құрайтын келісімдерге қол қойылды. Біз Қорған аймағында шығарылатын бұрғылау қондырғыларына қажетті құрал-жабдықтарды жасаймыз. Түмен өңірі үшін тиектерді жасауды игердік», - деді Петропавлдағы «Көпсалалы жабдықтар зауыты» ЖШС-нің директоры Сергей Федосеев.
Зауытта барлығы 200-ден астам техника жұмыс істейді, күн сайын үш ауысыммен жұмыс істейтін мұнда 1000-нан астам құрал-сайман жасалады.
Бүгінде серіктестікте шамамен 230 адам қызмет етуде. Жақын болашақта мұнда мұнай-газ саласындағы жабдықтардың бөлшектерін жасауды игеру көзделіп отыр.
- СҚО-да былтыр 1 мыңнан астам жүргізуші мас күйде ұсталды
- 622 солтүстікқазақстандық мемқызметші тәртіптік жазаға тартылды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
-
СҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 63 пайызы – әйелдер
-
Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам