Петропавлдағы көпқабатты үйдің тұрғындарына өтемақы төленеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы проблемалы тұрғын үй ғимаратын өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты үйдегі пәтер иелері желтоқсан айынан бері өз баспанасына қоныстана алмай келеді. Мұның себебі - әлі күнге дейін инженерлік коммуникациялар жоқ. Тұрғындардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін сатып алған пәтерлеріне ипотекалық несие төлеп келген. Олардың көпшілігі бүгінде үй жалдап тұрады, сондықтан шығындары екі есе артқан.

Облыс басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, үй тұрғындары жергілікті билік тарапынан өтемақы алатын болды.

«Петропавлда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған жаңа ғимараттың мәселесі менің жеке бақылауымда. Мен қалалық әкімдікке бұл мәселені шешуді тапсырдым. Осындай босбелбеу әрекетке жол берген адамдар жазаланады. Әрине, біз өз азаматтарымызды - тұрғындарды осындай мәселемен бетпе-бет қалдырмаймыз. Олардың нақты шығындарын өтеу туралы мәселе шешіледі. Үйдің жұмыстары 20 мамырға дейін аяқталады», - деді Құмар Ақсақалов.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар