Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінде газ қондырғысы жарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы «Интернационал, 4» мекенжайындағы 5 қабатты үйдің бесінші қабатында газ жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт сөндіру қызметіне жарылыс туралы ақпар кешкі алтыдан сегіз минут кеткенде түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп 42 адамды, соның ішінде 6 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

"Қаза тапқандар және жарақат алғандар жоқ. Бірақ, жарылыс кезінде үйде қарт адам мен оның кішкентай немересі болған. Олардың денсаулығына зиян келген жоқ. Бірақ пәтер айтарлықтай зардап шекті, бөлмелердің қабырғалары құлады", - дейді СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлев.

Қазір оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Тұрғын үй толықтай электр қуатынан ажыратылған.

Соңғы жаңалықтар