Петропавлдағы коммуналдық базар өртенді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Қызылжар» коммуналдық базары өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертең үш қабатты ғимаратта өрт тұтанған. Бұл жайлы хабар өрт сөндіру бөлімшесіне таңғы 10-00-дер шамасында келіп түскен.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелерінің мамандары оқиға орнына бес минутта жеткен.

«Қазіргі кезде жағдай бақылауда, қою қара түтін мен аптап ыстық өртті сөндіруді қиындатып жатыр. Бұл өрт сөндірушілердің іште және сыртта жұмыс істеуіне кедергі келтіруде», - дейді Р. Камалов.

90-нан астам адам эвакуацияланған. Әзірге құрбан болғандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өртті сөндіруге 45 адам және 14 техника жұмылдырылған.

Оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.
null

Соңғы жаңалықтар