Петропавлдағы қарды шығаруға биыл жылдағыдан 2 есе көп техника жұмылдырылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда коммуналдық кәсіпорындар қаланың су басу қаупі жоғары аудандарындағы қарды шығарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл көшелерінен осы күнге дейін 740 мың текше метр қар шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,5 есе көп. Тазалау жұмыстары, әсіресе түнде қызады. Коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшылары кешкі сағат 20.00 мен 6.00 аралығында тынымсыз еңбек етеді.

«Өткен жылдардағы су тасқынына қарсы іс-шараларды негізге ала отырып, су басу қаупі жоғары аудандарды анықтады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар Подгора ауданындағы қарды шығарып бітіруге жақын. Кейін Жұмысшы поселкесіне, Береке және Копай ықшам аудандарына ауысады. 14 мекеме қар шығарумен айналысады. Қазір тұрғындардан да көп өтініш түсіп жатыр. Екі мердігер күндіз халықтың сұранысын орындайды», - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Дулат Шәріпов.

Былтыр қала көшелерінен қар шығаруға 70 техника жұмылдырылса, биыл олардың саны 120-ға жеткен. Артылған қар қала сыртындағы төрт арнайы орынға төгіледі.


Соңғы жаңалықтар