Петропавлдағы ескерткіштерге QR-кодтар орнатылып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Заман таспасы» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жоба туристерге Петропавлдың тарихи ескерткіштерімен өздігінен танысуы үшін жасалған. Ол үшін ескерткіштерге мобильдік қосымша арқылы оқылатын кодтар орнатылады. Қосымшадағы шағын картада қызыл сызық туристі қаланың барлық тарихи маңызға ие жерлеріне бағыт сілтейді.

«Ескерткіштер туралы екі тілде толық ақпарат беретін бағыт жасалды. Тақтайшалардың үлгілері бойынша QR-кодтар орнатылды. Қазіргі уақытта 32 тақтайша қойылды» , - деді баспасөз қызметінде.

Жыл соңына дейін QR-коды бар шағын тақтайшалар Қазақстанның киелі жерлер картасына енген тарихи-мәдени ескерткіштерінің барлығында пайда болады.

Қазақстан Республикасының ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде Солтүстік Қазақстан облысының тарихи және мәдени 559 ескерткіші бар. Олардың 8-і республикалық маңызға ие. 

Соңғы жаңалықтар