Петропавлдағы ең биік - 18 қабатты екі тұрғын үй таяуда пайдалануға беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс алаңдарында болып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Құмар Ақсақалов барған алғашқы нысан - «Жас Өркен» ауданында салынып жатқан электр стансасының құрылыс алаңы. Бұл қаладағы алғашқы жабық станса болмақ. Ол - жаңа ауданды электр жарығымен толық қамтамасыз ететін болады.

Ж.Жабаев көшесінде орналасқан «Жас өркен» ықшам ауданында құрылыс қарқын алған. Қазір бұл жерде Петропавлдағы ең биік - 18 қабатты екі тұрғын үй салынып жатыр. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қалаға кіре берісте орналасқан 108 пәтерлі бұл ғимараттар қала көркін ашпақ. Көп қабатты үйдің біреуі биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмекші.

Жалпы биыл 2 240 пәтерді тапсыру жоспарланған. Құрылысшылармен әңгіме барысында өңір басшысы облыста өз өнімін шығаратын құрылыс индустриясын құру қажеттігін айтты.

«Береке» ықшам ауданында Құмар Ақсақалов көшелердің кеңейтілуімен танысты. Облыс әкімі жаңа арнайы экономикалық аймаққа да барды. Бұл жерде бұрынғы ғимараттар қалпына келтірілмек. Бетоннан салынған ғимарат 20 жыл бос тұрған. Сапалы салынған нысанды қолдануға болады. Осы аптада оған электр желісі тартылып, жөндеу жұмыстары басталмақ.

«Келесі жылы темір жол желісін тартамыз. Аймақтың өнімі экспортқа жөнелтілмек, сол себепті логистиканы ойластыру керек. Инвесторларды тарту қажет. Ресейде өтетін форум аясында бизнесмендермен кездесіп, олардың арайы экономикалық аймақпен таныстыру қажет. Олар аймақта жұмыс істеуге құлшыныс танытады деп ойлаймын», - деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар