Петропавлдағы білім беру нысандарының 88 пайызы жылыту маусымына әзір

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы 83 білім беру нысанының 88 пайызы бүгінде жылыту маусымына әзірлік паспортын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, бүгін Петропавлдағы білім беру нсындарының жаңа оқу жылына дайындығы әкімдік отырысында қаралды. Облыс орталығында 36 мектеп, 28 мемлекеттік және 15 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме, қосымша білім берудің 2 мекемесі, 2 түтезу кабинеті жұмыс істейді. Бұл нысандарды жылыту маусымына әзірлеу үшін биыл жергілікті бюджеттен 7 млн теңге шамасында қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 83 білім беру нысанының 73-і қысқа толық дайын.

Мамандардың айтуынша, биыл жан басына қаржыландыру аясында № 24 орта мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді. Екінші қабатының ағаш едені плиткаға ауыстырылып, төбесі мен қабырғалары жаңартылды, есіктері ауыстырылды.

№ 23 орта мектепте спорт алаңы жөнге келтірілмек. Футбол, воркаут алаңы жаңартылады. Осы мақсатқа 38 млн теңге жұмсалмақ.

Ал 2022-2023 оқу жылына қажет оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға бюджеттен 281 млн 835 мың теңге бөлінген.

«Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіледі. Республикалық акцияның басталғандығы туралы бұйрық шығарылып, барлық ведомстволық ұйымдар ескертілді. Арнайы жоспар әзірленіп, бекітілді. Көмекке мұқтаж балаларды анықтау үшін әлеуметтік қызметкерлер, сынып жетекшілері және учаскелік полиция инспекторлары ауқымды жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта тізім жасалды. Бұл балалар киім-кешекпен және оқу құралдарымен қамтылады», - деді Петропавл қалалық білім бөлімінің мамандары.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өткізу үшін 2-3 айлап кезек күту қажеттігін айтқан едік. Петропавлдағы ПМПК 84 мың балаға қызмет көрсетуге мәжбүр.



Соңғы жаңалықтар