Петропавлдағы әйелдер колониясында қосымша жұмыс орындары ашылды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы ЕС-164/6 әйелдер колониясында шағын және орта бизнестің арқасында қосымша жұмыс орындары ашылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінен.

«Бұдан басқа, әйелдер колониясында үшінші жыл бойы моншаға қажетті бұйымдар шығарылып, СҚО, Қостанай, Ақмола, қарағанды облыстары және Астана қаласында сатуға шығарылған. Барлығы 70-тен астам сотталушы жұмысқа тұрғызылды. Қазақстандағы өндіріс пен сату тендерге қатысушылардың тауарды шетелден емес, отандық тауар өндірушілерден сатып алған жағдайда еселеп көтеріледі», - деді жеке кәсіпкер Евгений Щеголев.

«Жұмысқа орналастырумен қатар, сотталушылардың кәсіби даярлығына да көңіл бөлініп отыр. Бас бостандығынан айыру орындарында жинаған мол тәжірибе бостандыққа шыққан кезде өз пайдасын тигізеді», - деді ЕС-164/6 мекемесінің бастығы Бибігүл Мансұрова.

Соңғы жаңалықтар