Петропавлдағы апат болған жылу орталығының директоры мен бас инженері қамалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «2-Жылу-электр орталығы» ЖШС директоры мен бас инженерінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 254-бабы «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

21 наурызда СҚО полициясы «2-ЖЭО» ЖШС директоры мен бас инженерін ұстап, Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында осы іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысын облыс прокуроры мен ПД бастығы бақылауға алды. Сонымен бірге облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі», - делінген хабарламада.


Апат кезінде хабар-ошарсыз кеткен жұмысшы әйелді іздеу жұмыстары бүгін таңғы сағат 8.00-де қайта басталды. Әзірге нәтиже жоқ.

Еске сала кетейік, Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлады.

Орталықтағы апатқа байланыста қылмыстық іс қозғалды.

Жұмысшылардың біреуі табылмай жатыр.

ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрды.

Осы оқиға бойынша Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар