Петропавлда11 жасар қызды көлік қақты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 11 жасар қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде 14 мамыр күні Петропавлдағы Батыр Баян көшесінде 11 жасар қызды көлік қағып кеткендігі жөнінде жазба тарады. Жасөспірім «Снежинка» балабақшасының қасында көшені белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

Бұл дерек жайына Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға 14 мамыр күні сағат 18.20 шамасында болған. 47 жастағы жүргізуші «Audi 80» көлігімен Батыр Баян көшесіндегі №229 үйге қарама-қарсы жолда Қызылжар ауданының 2009 жылы туған тұрғынын қағып кеткен. Жасөспірім белгіленбеген жерден өткен.

Салдарынан зардап шеккен қызды жедел жәрдем көлігі алғашқы медициналық көмек көрсету үшін Петропавлдағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізді. Диагноз қойылғаннан кейін үйіне жіберілді.

Көлік жүргізушісі спирттік ішімдік ішпеген.

Осы дерекке қатысты тергеу амалдары басталды, оны нәтижесі бойынша кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Бұған дейін Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесінде 78 жастағы зейнеткерді көлік қаққаны жайында айтқан едік.



Соңғы жаңалықтар