Петропавлда жылусыз қалған үйлер желіге қайта қосылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында жылусыз қалған ондаған үй желіге қайта жалғанды. Бұл туралы «Севказэнерго» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акционерлік қоғамның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, құбыр алмастыру жұмыстары аяқталып, магистраль қайта іске қосылған.

Бүгін таңертең қаладағы №15 жылу магистралінде технологиялық ақау шығып, салдарынан Қизатов, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 16 көпқабатты үй мен Қизатов, Кірпішті, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 42 жер үй жылусыз қалған болатын.

«Петропавл жылу желісі» деп аталатын монополист компания бұл үйлерді жылусыз қалдыру арқылы бұдан да үлкен апаттың алдын алғандарын айтып ақталды.

Соңғы жаңалықтар