Петропавлда жыл соңына дейін жеке сектордан 237 үй сүріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жыл соңына дейін жеке сектордан 237 тұрғын үй сырылып, көп қабатты баспана құрылысына 11,8 га жер босатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысын 2025 жылға дейін кешенді дамыту жоспарына сәйкес 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс.

Жыл сайын осы мақсатқа 12 млрд теңге бөлініп отырады. Қазіргі уақытта өңірде 53 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Оның ішінде коммуналдық-жалға, несиеге берілетін үйлер де, коммерциялық баспаналар да бар. Соның ішінде аудан орталықтарында да тұрғызылып жатыр.

«Мәселен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимкада 50 пәтерлік несиелік үй салынып бітуге жақын. Жалпы жыл соңына дейін 1583 пәтері бар осындай 15 баспана пайдалануға берілмек. Пәтерлер «Отбасы банк» бірыңғай оператор арқылы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша ұсынылады», - дейді СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Бұдан басқа жеке инвесторлардың есебінен 1367 пәтерлік 23 үй тұрғызылып жатыр. Олардың 8-і биыл пайдалануға берілмекші. 600 пәтерлік 9 коммерциялық үйдің жобасы жасалып жатыр.

«Петропавлда «Жаңа қала» реновациялық бағдарламасы жүзеге асып жатыр. 2017 жылдан бастап облыс орталығында ескі және апатты жағдайда тұрғын 1673 үй сырылды. Нәтижесінде 4800-ге жуық адам тұрмыстық жағдайын жақсартты. Жыл соңына дейін 11,8 га жерде орналасқан 237 жеке тұрғын үй бұзылмақ. Жалпы биыл 463 үй бұзылып, 421 адам тұрғын үй жағдайын жақсартты. Оларға көппәтерлі үйлерден баспана берілді», - дейді Сәтжан Аблалиев.


Соңғы жаңалықтар