Петропавлда жыл соңына дейін 1500 вагон құрастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдi.

null
Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед облыс әкiмi Ерiк Сұлтановпен бiрге өңiрдегi еңбек ұжымдарымен бiрқатар кездесулер өткiздi, сондай-ақ партия активiнiң алдында жасалатын жұмыстардың басым бағыттарын белгiлеп бердi.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары ең алдымен, Қызылжар ауданындағы «Радуга» серiктестiгiне барды.
null 

Кәсiпорында қазiр 4 цех жұмыс iстеп тұр. Өндiрiс ошағы пластмассадан шелек, леген, себет пен түрлi ыдыс-аяқтар жасайды. Жалпы өнiмнiң 280-нен астам түрi өндiрiледi. Кәсiпорынның айлық табысы 80 млн теңгенiң маңайында. Жалпы, Елбасы Жолдауындағы бәсекеге қабiлеттi экспорттық өндiрiстi дамытуды көздейтiн индустрияландыру мұнда жақсы жолға қойылған.

«Аудан орталығындағы шағын кәсiпорында 200-ге жуық өнiм шығарылады. Және ол Қазақстанда ғана емес, көршiлес Ресейге де саудаланады. Бәсекеге қабiлеттiлiк деген осы. Егер үлкен кәсiпорындар да дәл осындай жақсы технологиялық деңгейде дамитын болса, олар жаһандық жұмысты еркiн меңгере алатын болады. Елбасы жолдауының басты мақсаты да осы», - дедi Мұхтар Құл-Мұхаммед.
null 

Бұдан соң «Радуга» серiктестiгiнiң Петропавл қаласында орналасқан цехтарында болды. Мұнда кәсiпорын құрғақ таңғы астар, жүгерi таяқшалары сынды өнiмдердi өндiредi.

Кәсiпорын басшысы Дмитрий Шарапаев цехта жұмыс iстеп тұрған тың қондырғылар жөнінде баяндады. Кәсiпорын озық елдердiң технологиясын пайдалануда.

Кейiн делегаттар «Богатырский продукт» ЖШС-не барды. Бұл жерде тәулiгiне 400 тонна тауар шығарылады. Сонымен қатар, зауыттың ұн өндiретiн диiрменi де бар. Әлi толық қуатына көше қоймаған кешен бүгiннiң өзiнде күнiне 150 тонна тауар шығаруға қауқарлы.

«Елбасы Жолдауына сәйкес бiз өндiрiстi жаңғыртудың 3-кезеңiне көштiк. Бүгiнде диiрмен кешенi 90 пайызға дайын. Алдағы уақытта бiз бидай сақтауға арналған қосымша сыйымдылықтарды, ұн, макарон сынды дайын өнiмдердi сақтайтын қойма салуды жоспарлап отырмыз. Тауарды тек ел аумағында ғана емес, сонымен қатар Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан мемлекеттерiне экспорттаймыз», - дедi Кәсiпорын директоры Анатолий Лукашов.

Кешен iшiн аралап, қондырғылармен жiтi танысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы айтқандай аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверiне айналуы керектігін атап өттi.

«Жаңғыртудың алғашқы кезеңiнде кәсiпорындар ендi ғана ашылса, 2-кезеңiнде олар жаңа құрал-жабдықтар сатып алып, өндiрiс көлемiн ұлғайтты. Ендi 3-кезеңде технологиялық модернизация жүрiп жатыр. Мына диiрмен түрiк технологиясының негiзiнде жасалған. Ал, макарон фабрикасы итальяндық технология бойынша жұмыс iстеуде», - дедi Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Соңғы нысан - «ЗИКСТО» АҚ болды. Өткен жылы кәсiпорын құны 6 млрд теңгеден асатын тауар шығарса, биыл бұл көрсеткiштi 17,5 млрд теңгеге жеткiзу көзделуде. Жалпы жыл соңына дейiн мұнда 1500 вагон құрастыруды жоспарлап отыр.

«Нұр Отанның» облыстық филиалында өткен кездесуде Мұхтар Құл-Мұхаммед жергiлiктi партиялықтарға бүгiнгi таңда Елбасының Жолдауын бүкiл Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының, әсiресе фермерлердiң қызу талқылап жатқанын әңгiмелеп бердi. Шаруалар Президенттiң ауыл шаруашылығын сапалы дамыту мәселесiне айрықша назар аударғанына дән риза. Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың тiкелей қолдауының арқасында агроөндiрiс кешенiнiң республикамыздағы экономикалық өсiмнiң жаңа қозғаушы күшi бола алатынына сенедi.
null 

 

Соңғы жаңалықтар