+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Петропавлда жыл басталғалы 68 қаңғыбас панажайға орналастырылды

2021 жылғы 14 қаңтар 04:25
Бөлісіңіз:
Петропавлда жыл басталғалы 68 қаңғыбас панажайға орналастырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қаңтар айынан бері 68 қаңғыбас қабылдап-тарату орнына жеткізіліп, қатты аяздарда олардың үсіп кетуіне жол берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жаңа Қаулы: Демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді Алматыда Мәслихат депутаттарына құжат пен төсбелгілер тапсырылды 14 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аяздың күшеюіне байланысты полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға бағытталған рейдтерді күшейткен. Үйсіздер қабылдап-тарату орнына жеткізіліп, барлық базалар бойынша тексеріледі, ал кешке түнеу орнына жөнелтіледі.

Полицейлердің айтуынша, қаңғыбастар негізінен вокзал маңы мен қала орталығын жағалайды. Кәріз құдықтары мен жылу трассаларында топ-топпен бас сауғалап, саршұнақ аяздан қорғанады. Полицияның рейдтік тобы оларды анықтап, үсіп кетуден қорғап қана қоймай, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алады.

«Рейдтік топ күн сайын сағат 16.00-ден түн жарымға дейін жұмыс істейді. Мақсаты – тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы қабылдап-тарату орнының бастығы Адай Смайыл.

Жыл басынан қабылдап-тарату орнына тұрғылықты жері жоқ 68 адам жеткізілді, олардың 4-уі судьяның санкциясы бойынша орналастырылды. Былтыр полицейлер үйсіздерді қабылдап-тарату орнына 2656 рет қаңғыбас жеткізген. Олардың 8-і бұрын іздеуде болған, 2-і із-түссіз жоғалған адам.

Полицейлер үйсіздерге қатысты барлық шақыртуларға барады және оларды бөлімшеге жеткізеді. Тұрғылықты жері жоқ тұлғалар туралы қабылдап-тарату орнына 52-92-99 телефоны бойынша немесе «102» арнасы арқылы хабарлауға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT