Петропавлда жүргізуші куәлігі жоқ ер адам көлікпен ағашқа соғылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүргізуші куәлігін алмаған 34 жастағы тұрғын көлік жүргіземін деп ағашқа соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні Петропавлдағы Жамбыл және Чайковский көшелерінің қиылысында болған. 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны «Рено» көлігімен ағашты соғып, құлатқан. Көлік жүргізушісі емдеу мекемесіне жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Полицейлер тексеру барысында ер адамның жүргізуші куәлігін алмағанын анықтады. Сондай-ақ ол ішімдікке қатысты медициналық куәландыруден өтуге бас тартты. Алайда бұдан ол ұтылмаса – ұтқан жоқ. Өйткені медициналық куәландыруден бас тарту құқық бұзушылық болып есептеледі.

«Медициналық куаландырудан бас тартқаны және көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарып, жол-көлік оқиғасына жол бергені үшн ер адамға екі хаттама толтырылды. Материалдар Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады. Қазір ол әкімшілік қамауға алынды», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульді полиция батальоны штабының аға инспекторы Оксана Попова.


Соңғы жаңалықтар