Петропавлда жұмысынан шыққан 38 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер мен волонтерлер 38 жастағы ер адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл волонтерлері әлеуметтік желіде Вячеслав Владимирович Пономаренкоға іздеу жариялады.

Петропавлдың 1983 жылы туған тұрғыны 1 мамаырдан бері жоқ.

Сол күні ол сағат 15.00 шамасында облыс орталығындағы Медведев көшесі, 41/10 мекенжайындағы жұмысынан шығып, белгісіз бағытта кеткен.

Содан бері хабар жоқ.

Бойы 175-176 см шамасында, арықша келген, қой көзді, оң қолында екі саусағының жоғары буыны жоқ және қарнында отаның тыртығы бар.

Сол күні басында қара бейсболка, қара күртеше, көк джинсы шалбар, аяғында сандал болған.

Жоғалған адам жайында қандай да бір ақпаратыңыз болса 8 777 608 88 49, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар