Петропавлда жұмысынан шығып, із-түзсіз кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр
2021 жылғы 21 қараша 23:10

Петропавлда жұмысынан шығып, із-түзсіз кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жұмысынан шыққан ер адам үйіне жетпеді. Хабар-ошарсыз кеткен Иван Райтерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдың тұрғыны Иван Райтер бір аптадан кейін 63 жасқа толады. 18 қараша күні «Уют» сауда үйі маңындағы жұмысынан шыққан ол Жұмысшы кентіндегі үйіне жетпеген.

Өңір волонтерлері хабарсыз кеткен ер адамға әлеуметтік желі арқылы іздеу жариялады.

Иван Райтердің бойы шамамен 165-170 см шамасында. Қой көзді, шашы ақшыл-сары, ерні қоян жырық, түсініксіз сөйлейді.

Сол күні үстінде ұзын сұр болонья күртеше, қара тоқыма бас киім және аяғында қоңыр түсті бәтеңке болған.

Өзімен бірге ұялы телефоны және жеке куәлігі болуы керек.

Жоғалған адамды көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65, 7 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Бұған дейін астанаға кеткен 39 жастағы петропавлдық Антон Регнердің табылмай жатқанын айтқан едік.

Ер адам соңғы рет 15 қараша күні «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалынан хабарласқан.

Jańalyqtar

MURAǴAT