
14:19
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшы бетон араластырғышқа құлап кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 29 мамыр күні кешкісін «Жас Өркен» шағын ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, 48 жастағы ер адам аяғы тайып, бетон араластырғышқа құлап түскен. Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.
СҚО ТЖД ер адамның өлімі фактісін растады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы жағдайды тергеумен айналысуда.
«Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия жасақталды», - деді СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Арман Жәлелов.