Петропавлда жүк көлігі қоғамдық автобусқа соғылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қала көшелерінің бірінде жүк көлігі бағыттық автобусқа соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, «МАЗ-6501 «Самосвал» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі Парфирьев көшесінен негізгі – Жамбыл көшесіне бұрылмақ болады. Алайда абайсызда №4 бағыттағы «Mersedes-Benz» автобусымен соқтығысқан.

Жол-көлік апаты кезінде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

Зардап шеккендер жоқ.

Осы оқиғаға байланысты әкімшілік іс жиналып, материал процессуалды шешім шығару үшін Петропавл қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданбақ.

Соңғы жаңалықтар