Петропавлда жүк көлігі дүкенге кіріп кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүк көлігінің тежегіші істен шығып, дүкенге кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 қараша күні сағат 16.00 шамасында Петропавлдағы Хименко көшесінің бойында болған. Сауда үйінің жанында қол тежегішінде тұрған бетон араластырғышы бар жүк көлігі өздігінен жылжып, «Амега» құрылыс дүкеніне кіріп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығынның мөлшері нақтыланып жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының анықтаушысы әкімшілік материал жинап, әкімшілік полиция бөліміне тапсырды. Қосымша жиналған материалдардың қорытындысы бойынша жүргізушінің құқықтық жауапкершілігі туралы шешім қабылданады», - делінген ведомство ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар