+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Петропавлда жүк көлігі аударылды

2020 жылғы 23 қаңтар 22:17
Бөлісіңіз:
Петропавлда жүк көлігі аударылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қиыршық тас артқан жүк көлігі аударылды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда болған ірі жол апатынан 28 адам жарақат алды Көлік қаққан 9 жасар қостанайлық қыз ауруханада көз жұмды Маңғыстауда ірі жол апаты болды

Оқыс оқиға бүгін Петропавлдағы Караванная көшесінде болған. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түскі сағат 13.30 шамасында Volvo маркалі жүк көлігінің жүргізушісі бұрылып жатып, басқа көлікпен соғылған. Салдарынан қиыршық тас артылған техника жолдың шетіне аударылып кеткен.


Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Алайда жүк көлігі біршама зақым алды. Оқиға орнында патрульді полиция және жол қызметінің мамандары жұмыс істеді. Әкімшілік іс қозғалып, тиісті материалдар жиналды.

«Volvo жүк көлігінің жүргізушісі бұрылып жатып басқа көлікпен соғылған. Салдарынан көлік жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып қалды», - деді Петропавл қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Шәмшиден Ақышов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT