Петропавлда жолаушыларды ақауы бар автобустар тасымалдаған (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да рейдтің екі күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол-көлік ережелерін бұзудың 37 түрлі фактісі анықталған. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Өткен демалыс күндері тәртіп сақшылары қызмет жүргізудің күшейтілген түрін өткізді. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының аясында қалалық қоғамдық көліктерді кенеттен тексерулер ұйымдастырылған. Шараны өткізудің екі күнінде жол-көлік ережелерінің барлығы 37 түрлі бұзушылығы анықталды. Соның 24-і - техникалық ақауы бар көліктерді басқару», - делінген хабарламада.

Қаланың 19-шы бағдарында қызмет ететін көлік тасымалдаушының тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылығы анықталды. Автобустың артқы доңғалағы жарамсыз болып шықты. Сол себептен автобустың жағдайына жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұдан басқа, жүргізушілердің ұялы телефонмен сөйлесуінің 4 фактісі анықталған, 3 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған. Көлік құралын тиісті емес түрде шығарған 5 қызметтік тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Петропавлда жолаушылар көлігінің 39 бағдары бар: 13 автобустық, 13 шағын автобустық және 13 саяжайлық бағдар. Жолаушыларды тасымалдауға 340 автобус тартылды. Бағдарларға 10 кәсіпорын қызмет көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар