+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Петропавлда жолаушы такси жүргізушісіне қол көтерді

2020 жылғы 23 қазан 07:36
Бөлісіңіз:
Петропавлда жолаушы такси жүргізушісіне қол көтерді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда таксиге отырған қала тұрғыны ақша төлеуден бас тартып, жүргізушіге күш көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 46 жастағы тұрғыны өзіне дене жарақатын келтіргені туралы полицияға арызданды. Ол - такси жүргізушісі. 19 қазан күні таңертең жол ақысын төлеуден бас тартқан жолаушымен жанжалдасып қалған. Салдарынан жолаушы оның бетінен жұдырығымен екі рет тартып жіберген.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні - 1979 жылы туған Петропавл тұрғынын анықтады. Оның айтуынша, жүргізуші барсеткасын тартып алмақ болған. Сол себепті өзінің күш қолданғанын жоққа шығармады. Аталған факті «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Такси жүргізушілері мен жолаушылар арасында жанжал болып тұрады, көбіне дау мас күйде мінген жолаушылармен болады. Әдетте, ұрыстан аспайды, бірақ кейде жағдай ушығып кетеді. Кез-келген дауласу заңды түрде шешілуі тиіс екендігін барлық азаматтардың есіне саламыз. Эмоцияның салдары енді заң алдында жауап беруге әкелуі мүмкін», - дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT