Петропавлда жол апатынан жүкті әйел зардап шекті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полиция қызметкерлері басқа көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен автокөлік жүргізушісін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан жүкті әйел зардап шеккен. «8 ақпанда Н. Назарбаев көшесіндегі № 154 үйге қарама-қарсы бетте «Mitsubishi Delica» автокөлігінің жүргізушісі «Hyundai Solaris» автокөлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен әйел адам Петропавлдағы медициналық мекемелердің біріне хабарласып, ауруханаға жатқызылды. Іздестіру тобының қызметкерлері Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынын анықтады», – делінеді баспасөз қызметінде.

Апаттан бірнеше күн бұрын ер адам Алматы тұрғынымен автокөлік сатуға келіскен. Алайда машинаның жаңа иесіне күтуге тура келеді. Полиция көлікті арнайы тұраққа апарды.

Тәртіп бұзушыға қатысты «Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы» бабы бойынша материал жиналды.

Жыл басынан бері облыста жол апаты болған жерден қашып кету жағдайы 4 рет тіркеліп, олардың барсында адамдар зардап шеккен. Қазіргі таңда 4 оқиғаның 3-уіне қатысты кінәлі адам табылып, төртіншісі іздестіріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар