Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Петропавлда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды

2022 жылғы 13 маусым 15:33

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың айналма жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір жолаушы мерт болды, тағы үшеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше түскі сағат 14:30 шамасында Петропавл айналма жолында, яғни Р-49 республикалық автожолының 12-шақырымында Жұмысшы кентіне кіреберісте болған. «Toyota Alphard» және «Nissan Patrol» автокөліктері соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Alphard» автокөлігінің 71 жастағы жолаушысы қаза тапты, тағы үш жолаушы қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Куә болғандардың айтуынша, жүргізуші жылдамдықты сақтамаған.

Сондай-ақ бүгін Петропавл маңындағы елді мекендердің бірінде жолды жүргіншілер жолағы арқылы кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Әзірге бұл дерек жайында полиция департаменті түсінік берген жоқ.


Бұған дейін Оралда мас жүргізуші көлігімен қағып кеткен әйелдің жансақтау бөліміне түскенін айтқан едік. Жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 46 жастағы облыс орталығының тұрғынын «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Әйел ауыр жарақат алды.


Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары