Петропавлда жоғалып кеткен жігіт бір аптадан бері табылмай жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың криминалдық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалып кеткен Руслан Моисеенконы іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 27 жастағы жігіт үйінен 6 тамыз күні кешкі сағат жетілер шамасында шығып кеткен. Оның қайда екені қазірге дейін белгісіз.

Криминалистер жігіттің басты ерекшеліктерін айтып берді: Оның бойы 168-170 см, арық денелі, шашы қысқа ақ сары, көзі көк. Алқызыл түсті футболка, көк шалбар, сұр түсті кроссовки киген.

Полицейлер Р. Моисеенко туралы қандай да бір ақпарат білетіндердің 102 нөміріне хабар беруін сұрайды.

Соңғы жаңалықтар