Петропавлда жоғалған көлік апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жоғалған жеңіл көлік Аққайың ауданында күйген қалпында табылды. Жанында зардап шеккен адамдар болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні таңертең Петропавл полициясына қала тұрғыны келіп, түнде біреулердің «Audi С4» автокөлігін айдап әкеткені туралы айтқан.

Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бақылау-өткізу пунктері, аумақтық бөліністер бағдарланды. Нәтижесінде Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қиялы ауылының маңындағы жолда жоғалған көлікке ұқсайтын жанып кеткен машинаны тапты.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаровтың айтуынша, көлік қасында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен екі адам болған. Екеуі де жедел жәрдеммен аудан орталығы Смирновтағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар