Петропавлда жоғалған ер адам бес күннен кейін аман табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жұмысынан шығып, үйіне жетпеген ер адамды полицейлер бес күннен кейін аман-есен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны Иван Райтер 18 қараша күні «Уют» дүкені маңындағы жұмысынан шығып, Жұмысшы кентіндегі үйіне жетпеген. Хабар-ошарсыз кеткен 63 жастағы ер адамды волонтерлер мен полицейлердің іздеп жатқандығын айтқан едік.

Ер адамды полицейлер вокзал жақта жүрген жерінен тауып алды. Қала тұрғынының денсаулығының кінәраты бар екен. Ұмытшақтық дертімен ауырады. Отбасы жоқ, жалғыз тұрады. Полицейлер оны аман-есен үйіне жеткізіп салды.

Өңір волонтерлері бұған дейін іздеу жарияланған Антон Регнердің де аман-есен табылғанын хабарлады.Ер адам өзі байланысқа шығып, амандығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар