Петропавлда жоғалған бойжеткен екі күннен кейін табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда хабарсыз кеткен 18 жастағы қызды іздестіруге волонтерлер жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызының жоғалып кеткендігі туралы Петропавл қаласының тұрғыны 24 наурыз күні арыз берген. Анасы қызының күндізгі сағат 12.00 шамасында ешкімді ескертпей шығып кеткенін айтқан. Былтыр жазда Тараздан Петропавлға қоныс аударғандарын жеткізген әйелдің сөзінше, қызы қаланы дұрыс білмейді.

Із-түзсіз кеткен қызды табуға полицияның бірнеше басқармасының мамандары жұмылдырылды. Оларға бұл жолы да Lider.kz волонтерлер қозғалысы көмекке келді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жоғалған бойжеткен 26 наурыз күні сағат 12.30 шамасында аман-есен табылды. Ол екі күн бойы Петропавлдың орталық аумағында тұратын таныстарының үйінде болыпты. Полицейлер оны Екінші қалалық полиция бөліміне жеткізіп, анасына табыс етті.

СҚО ПД Криминалды полиция басқармасы мамандарының мәліметінше, жыл басынан полицияға хабарсыз кеткендер жайында 38 арыз түскен. Олардың барлығы табылды.


Соңғы жаңалықтар