+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Петропавлда жеті баланың анасы әкімнен көмек сұрады

2019 жылғы 18 мамыр 19:34
Бөлісіңіз:
Петропавлда жеті баланың анасы әкімнен көмек сұрады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысына Петропавл тұрғыны, 7 баланың анасы Татьяна Пипус көмек сұрап келді. Көпбалалы ана өте қиын жағдайда тұрып жатқанын айтты. Өйткені, бүгінде Пипус әулетінің үйі қираудың аз-ақ алдында тұр.

«Үй апаттық жағдайда. Біз үйге кезекте тұрмыз. Сәуір айында су астында қалғанбыз. Бірақ орнына ештеңе ұсынбады. Қалалық әкімдік аумағы 8 шаршы метрлік жатақхана бөлмесін ұсынған. Балалардың біреуі сабағын үйден оқиды. Бірақ мұғалімдер үйімізге келгісі келмейді, өйткені үйдің шатыры құлайын деп тұр. Балалар жиі ауырады. Бізге жаңа баспана керек емес», - деді Татьяна Пипус.

Әйелдің айтуынша, бұрын оларға жатақханадан бөлме берілген. Олар оны жекешелендіріп, сатқан, сөйтіп жеке үй сатып алған. Пипустың айтуынша, үйді сатқан адам оларды алдап, үйдің қирайын деп тұрғанын айтпаған.

Татьянаның жұбайы вахталық әдіспен Ресейде жұмыс істейді. Бірақ қазір отбасын уайымдап, жұмысына бара алмай отыр. Көпбалалы ананың сөзінше, олар пәтер жалдауға да тырысқан, алайда 7 баласы бар екенін естіген үй иелері бірден бас тартады екен.

Отбасы үй кезегінде тұр. Петропавл әкімі Болат Жұмабеков Пипус отбасының кезек нөмірі 3058 екенін айтты. Дегенмен, Құмар Ақсақалов көпбалалы отбасы жалдамалы баспанаға қол жеткізгенше олардың мәселесін шешіп беруге уәде етті. Ол Пипус әулетіне қонақ үй түріндегі пәтерге көшуді ұсынды.

«Әзірге уақытша тұра тұрасыздар. Биыл біз Петропалдағы көпбалалы отбасылардың 30 пайызын жалдамалы үймен қамтамасыз етеміз. Ол үшін арнайы қаржы бөлінеді», - деді өңір басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT