Петропавлда жеңгетайлық көрсеткен сауна әкімшісі қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеңгетайлық көрсетілген жағдай бойынша сауна әкімшісін ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойыша факт Петропавл қаласы сауналарының бірінде тіркелген. Құқық қорғаушылар саунаның әкімшісі болып істейтін 31 жастағы әйелді ұсталған.

«Күдікті бұрын заңға тартылмаған. Өз кінәсін мойындап отыр. Тексеру барысында одан 22 мың теңге алынды», - деп хабарлайды ведомстводан.

СҚО ІІД ҰҚҚБ бастығы Әлихан Байқадамовтың айтуынша, аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар