Петропавлда жаяу жүргінші екі мәрте көлік астына түсіп, мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жол-көлік оқиғасы болып, жаяу жүргінші алған жарақатынан тілге келместен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 қаңтар күні таңғы сағат 8.00 шамасында болған.

«Toyota RAF4» автомашинасының жүргізушісі Жұмабаев көшесінде жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын соғып кетті.

Рөлде Петропавл тұрғыны - 53 жастағы әйел болған.

Салдарынан жаяу жүргінші қарсы бағытта келе жатқан «ГАЗ 3302» автомашинасы доңғалағының астына түскен.

Жол апатынан ер адам ауыр жарақат алып, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.


Соңғы жаңалықтар