Петропавлда жасөспірімдер полицейлердің ұйымдастыруымен ерекше спектакльді тамашалады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда мектеп оқушыларына қазақстандық автор С.Баймұхаметовтің «Сны золотые: исповеди наркоманов» атты кітабының желісімен қойылған спектакль көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жантүршігерлік оқиға сахналандырылған көрініс қана болғанымен, балаларды бейжай қалдырмады. Әрі көрермен орындықтары сахна үстіне орналастырылып, балалар қол созым жерде отырды.

Н. Погодин атындағы облыстық драма театрының режиссері Тимур Каримжановтың қойылымы агрессияға, мейрімсіздікке толы. Тар сахна бейнеэкранмен толықтырылып, жарық және дыбыс - қосымша әсер берді.

Театр актерлері қойылымды полицейлердің сұрауы бойынша сахналады. «Вербатим» жанры - жаңа жанр, деректі пьеса негізінде көркем боямасыз, нақты адамдардың монологы негізінде құралады. Тағы бір ерекшелігі: спектакльден соң көрерменге сөз беріледі. Мамандардың айтуынша, бұл - ауыр көріністен алған әсерлерінен арылуға, көз алдында болған оқиғаны ой елегінен өткізуге септігін тигізеді.
null

Полицейлер қайырымдылық көрсетілімді №32, №42 мектептердің 10-сынып оқушыларына, Петропавл теміржол колледжінің және СҚМУ студенттеріне ұсынды.

«Жас көрермендердің белсенді пікір білдірулері бізді қуантады. Бойларында белсенді өмірлік ұстанымдарының, берік принциптерінің бар екендігін білдіреді. Бұл қасиеттердің өзі «удың» арбауына түсуден, әуестенуден қорғаныс болады. Спектакльге шақыру - Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында өткізілетін іс-шаралардың алғашқысы», - дейді басқарма басшысы Жандос Басыбаев.

Жандос Басыбаевтың айтуынша, түсіндіру жұмыстары терең эмоционалдық әсер алуға арналған көрнекті акциялармен кезектесіп отырады. Олардың ішінде - чемпиондармен ашық жаттығулар, жазғы демалыс лагерлеріндегі ойындар, спорттық іс-шаралар да бар.

null

Соңғы жаңалықтар