Петропавлда жарты млн теңге тұратын аккумулятор ұрланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ұрылар жалпы сомасы жарты млн теңгеден асатын жүк көліктерінің аккумуляторларын ұрлаған. Осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Петропавл қаласының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға ауыр жүк автомобильдерінен бірнеше аккумулятор ұрланғаны жөнінде арыздар келіп түсті. Барлық қылмыстар Петропавл қаласының өндірістік аймақтарында орналасқан кәсіпорындар аумақтарында жасалған. Барлығы 5 оқиға тіркеліп, шығын сомасы жарты млн теңгеден асқан.

Петропавл қалалық Полиция басқармасының 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпаратпен жұмыс істеу барысында үш күдіктіні анықталды. Олар ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған 1990, 1993 және 1999 жылдары туған Петропавл қаласының тұрғындары екен. Ұрланған заттардың бір бөлігі алынып, иелеріне қайтарылды. Қылмыстың бұл түріне 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бірінші ПБ бастығы Балабек Жахиннің айтуынша, жүк көліктерінің тұрағы бейнебақылау камераларымен жарақталмаған, жалғыз күзетшінің күзету аумағы ауқымды болған. Кәсіпорын басшылары болашақта осы сияқты жағдайларды ескерулері керек.

Соңғы жаңалықтар