+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Петропавлда жаңажылдық шырша жағылды

2016 жылғы 20 желтоқсан 20:56
Бөлісіңіз:
Петропавлда жаңажылдық шырша жағылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда басты жаңажылдық шыршаның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шараға өңір басшысы Ерік Сұлтанов қатысты. Мереке басталмас бұрын сайқымазақтар, жаршылар мен жыршылар Петропавл тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтерді. Қаланың орталық алаңында флэшмоб өтті. Алаңға «жұлдызнама күнтізбесінің» кейіпкерлерімен бірге Аяз ата мен Қарша қыз шықты. Ертегі кейіпкерлері солтүстікқазақстандықтарды жаңажыл қарсаңындағы алғашқы оқиға - шыршаның жағылуымен құттықтады. Қала тұрғындары мен қонақтарын қарсы алғасын, облыс әкімі Ерік Сұлтанов бірінші балаларға арнап сөз сөйледі.

null

«Сендер - еліміздің болашағысыңдар. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендерден зор үміт күтеді. Ата-аналарыңның бастамаларын ары қарай жалғастырып, еліміздің жетістіктерін еселету сендердің қолдарыңда. Барлықтарың Қазақстанның лайықты азаматы болып, Отанымыздың жарқын болашағы үшін оқуларың керек!» - деп атап өтті СҚО әкімі.

null

Өңір басшысы барлықтарына мықты денсаулық, отбасылық бақыт, бейбітшілік пен табыс тіледі.

null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT